Операциядан кейінгі оңалту неге қажет?
Абдуллаева Аязгүл — «Аян» шипажайының бас дәрігері, курортология саласында 40 жыл тәжірибе.
«Операция сәтті өтті» деген — жарты жеңіс. Қалған жартысы — қалпына келу кезеңінде шешіледі.
Неге жай ғана демалу жеткіліксіз?
Ұзақ жату бұлшықетті әлсіретеді, буынды қатайтады, өкпе вентиляциясын нашарлатады, қан ұюы қаупін арттырады. Оңалтудың мақсаты — осы салдардың алдын алу және адамды бұрынғы өміріне қайтару.
Қандай операциядан кейін керек?
- буын мен сүйек операциялары, эндопротездеу;
- омыртқа операциялары;
- жүрек-қантамыр операциялары;
- іш қуысы операциялары;
- ауыр жарақаттан кейінгі қалпына келу.
Не кіреді?
Емдік дене шынықтыру, физиотерапия, массаж, қажет болса — психологтың қолдауы және мамандар кеңесі. Жүктеме біртіндеп өседі, әр қадам дәрігер бақылауымен.
Қанша уақытта бастаймын?
Әр операцияның өз мерзімі бар. Кейбірінде алғашқы күндері-ақ жеңіл қимылдар рұқсат етіледі, кейбірінде бірнеше апта күту керек. Шешім — оперция жасаған дәрігерде.
Жиі қойылатын сұрақтар
Жолдама қайдан алынады?
Операция жасалған стационардан немесе тіркелген емханаңыздан.
Үйде жасауға бола ма?
Үй жаттығулары — бағдарламаның бөлігі, бірақ олар маман көрсеткеннен кейін және бақылаумен жүргізіледі.
Қанша күнге созылады?
Операция түріне, жасына және жалпы жағдайына қарай белгіленеді.
Оңалту туралы сұрағыңыз бар ма?
Жолдама, орын және оңалту түрлері бойынша хабарласыңыз.