«Аян» емдеу-сауықтыру орталығыБір атау — бес бағыт
«Аян» емдеу-сауықтыру орталығы · Сарыағаш

3-этап медициналық оңалту — МӘМС негізінде тегін

Ауру немесе операциядан кейін күш жинап, қалыпты өмірге оралуға көмектесеміз. Травматологиялық, неврологиялық, терапиялық және кардиологиялық диагноздармен — мультидисциплинарлық топтың бақылауында.

Тәуліктік · күндізгі · амбулаториялық
Мультидисциплинарлық топ
Жатын орын + 5 мезгіл тамақ
Оңалту түрлері

3-этап оңалтудың үш түрі

Дәрігер сіздің жағдайыңызға қарай ең қолайлы түрін таңдайды.

Ересектерге

🌙 Тәуліктік

Тәулік бойы стационарда: тұрақты медициналық бақылау, күнделікті ем-шаралар, жатын орын мен 5 мезгіл тамақ. Ем қаркынды әрі үздіксіз қажет болғанда.

Ересектерге

☀️ Күндізгі

Күндіз келіп, толық оңалту бағдарламасынан өтіп, кешке үйге қайтасыз. Жағдайы тұрақты, бірақ жүйелі кешенді ем қажет пациенттерге ыңғайлы.

Ересек + бала

🩺 Амбулаториялық (АЕК)

Ем-шараларды жеке-жеке аласыз — жатпай-ақ, кестеге сай келіп-кетіп. Ересектерге де, балаларға да арналған жалғыз түрі.

МӘМС негізінде тегін

Кімге көрсетіледі?

3-этап медициналық оңалту мына бейіндегі диагноздармен және операциядан шыққан пациенттерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) есебінен тегін ұсынылады.

ТравматологиялықСынық, буын, омыртқа жарақаттары және операциядан кейінгі қалпына келу.
НеврологиялықИнсульттан кейінгі жағдайлар, жүйке жүйесінің аурулары.
КардиологиялықЖүрек-қантамыр аурулары және жүрек операцияларынан кейінгі оңалту.
ТерапиялықІшкі ағзалардың созылмалы аурулары және операциядан кейінгі қалпына келу.
3-этап медициналық оңалту ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық оңалту қағидалары мен стандарты бойынша реттеледі; 2 және 3-кезеңдер МӘМС жүйесінде көрсетіледі. Тегін ем алу үшін тіркелген ұйымыңыздан жолдама қажет. Нақты көрсетілім мен қарсы көрсетілімдерді дәрігер анықтайды.
Неге «Аян»?

«Аян» орталығындағы оңалтудың артықшылығы

Оңалту — тек ем-шара емес. Ол — күш жинайтын жайлы орта мен бір команда болып жұмыс істейтін мамандар.

Барлық жағдай жасалған жатын орын

Жайлы палаталарда тұру — қалпына келуге қажет тыныштық пен ыңғай.

5 мезгіл тамақ

Диеталық әрі құнарлы ас — оңалудың ажырамас бөлігі, өз асханамызда дайындалады.

Мультидисциплинарлық топ

Бір пациентпен бірнеше маман бірге жұмыс істейді — оңалту жан-жақты әрі жүйелі болады.

Топ құрамы:

НеврологЕмдік дене шынықтыру (ЕДШ) маманыПсихологРеабилитологТерапевтҚажет болғанда — өзге бейінді мамандар
Қалай бастаймын?

Оңалтуға қалай түсуге болады

Жолдама алыңыз

Тіркелген емханаңыздан (не емделген стационардан) 3-этап оңалтуға жолдама аласыз.

Бізге хабарласыңыз

Орын, түрі (тәуліктік / күндізгі / амбулаториялық) мен күнін нақтылау үшін қоңырау шалыңыз.

Бағдарламаны бастаңыз

Дәрігер қарап, оңалту диагнозын белгілейді; мультидисциплинарлық топ жеке бағдарлама құрып, оны күн сайын бақылайды.