Емханаға тіркелу: қандай құжат керек және не беріледі
Тіркелу — бірнеше минуттық іс, бірақ одан жыл бойғы тегін медициналық көмегіңіз тәуелді.
Емханаға тіркелу (прикрепление) — бұл жай ғана формальдылық емес. Сіз тіркелген емхана сізге тегін медициналық көмек көрсетуге жауапты болады: дәрігер қабылдауы, талдаулар, скрининг, вакцинация, жедел жәрдем, қажет болса — стационар мен оңалтуға жолдама.
Тіркелу үшін не керек?
- Жеке куәлік (баланы тіркеу үшін — туу туралы куәлік және ата-ананың куәлігі);
- Бала тіркесе — ата-анасының (не заңды өкілінің) қатысуы.
Тіркеу бөліміне өзіңіз келсеңіз болғаны. Процесс бірнеше минут алады.
Тіркелген соң не аласыз?
Күнделікті медицина: дәрігер қабылдауы, тегін дәрілер (Д-есепте тұрғандар үшін), медкітапша, анықтамалар (027, 028, 052, 069, 075, ДКК), еңбекке жарамсыздық парағы.
Тексеру: лабораториялық талдаулар, аппараттық зерттеулер (МРТ, КТ, УДЗ, ФГДС), жасына сай скринингтер — қан қысымы, қант, холестерин, онкоскрининг, флюорография, маммография.
Алдын алу: ұлттық күнтізбе бойынша вакцинация.
Жедел көмек: жедел жәрдем және үйге дәрігер шақырту.
Қосымша: медициналық көрсетілім болған жағдайда — тегін курорттық емдер мен физиотерапия.
Емхананы ауыстыруға бола ма?
Иә. Азаматтың емхананы таңдау құқығы бар. Ауыстыру белгілі бір мерзімде (науқан кезінде) жүргізіледі, оны eGov арқылы немесе таңдаған емхананың тіркеу бөлімінде рәсімдеуге болады. Нақты мерзімі мен шарттарын емханадан нақтылаңыз.
Тіркелместен бұрын нені тексерген жөн?
- Қашықтығы. Шұғыл жағдайда жедел жәрдем қанша уақытта жетеді?
- Маман құрамы. Қандай бейінді дәрігерлер бар — тар мамандарға басқа қалаға баруға тура келмейді ме?
- Диагностика. Талдау, УДЗ, рентген орнында жасала ма, әлде жолдамамен басқа жерге жібере ме?
- Қабылдау уақыты. Жұмыс күні бос болмасаңыз, сенбіде қабылдау бар ма?
Жиі қойылатын сұрақтар
Тіркелу ақылы ма?
Жоқ, емханаға тіркелу тегін.
Бір отбасы әртүрлі емханаға тіркеле ала ма?
Иә, әркім өз таңдауымен тіркеледі. Бірақ отбасы бір емханада болса, балалар мен ересектерді бір жерде қадағалау ыңғайлы.
Тіркелген соң бірден қабылдауға бара аламын ба?
Иә. Тіркелу электрондық базада рәсімделген соң, жалпы тәртіппен дәрігерге жазыла аласыз.
«Аян» емханасына тіркелу
Жеке куәлікпен тіркеу бөліміне келсеңіз болғаны. Сұрақ болса — қоңырау шалыңыз.